Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады».
14-тармақтың 2) тармақшасының 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«әзірлеуші болып табылатын әкім мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер
мен (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде уақытылы шаралар қабылдау және оларды қаулының күші жойылды деп тану».
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.