«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына, 85-бабына,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының 2023 жылғы 06 қарашадағы өтінішін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
19 тұрғын ауданындағы 600 оқушыға арналған мектеп салу бойынша «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде, 11 тамыздағы № 3229 Өскемен қаласының әкімдігінің қаулысы негізінде Есен Абилтаиевич Мейрбаевқа жеке меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты – тұрғын үйінің аумағында, бірінші қабатта әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілері бар көп қабатты тұрғын үйді жобалау, салу және орналастыру үшін Ілияс Есенберлин даңғылындағы, 95- позиция, кадастрлық нөмірі 05-085-102-2215 ауданы 1,0 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні - 2024 жылғы 10 ақпан.