Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № № 02-65/1371, 02-65/1372 өтініштерін, Өскемен қаласы әкімінің аппараттық кеңесінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 1/17 хаттамалық шешімін ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін- елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы үшін (ҚР 3.01-101-2013* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» ҚЕ құрылыс ережелерінің талаптарына сәйкес мектепке дейінгі мекемеге қызмет көрсету үшін жер учаскесінің нормативтік ауданын қамтамасыз ету үшін), төменде көрсетілген жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:

1) 2021 жылғы 05 наурыздағы сатып алу-сату шарты, 2021 жылғы 6 наурыздағы қабылдау-беру актісі негізінде Жұмабек Рамазанович Бейсеновқа жеке меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты – әкімшілік ғимаратты, техникалық-құзмет көрсету станцияны және гаражды жобалау, салу және қызмет көрсету үшін, Қазақстан көшесінде, 122 «а» орналасқан, кадастрлық нөмірі 05-085-069-687 ауданы 0,3568 га ауданы 0,0550 га жер учаскесінің бір бөлігі;

2) 2021 жылғы 05 наурыздағы сатып алу-сату шарты № 2452, 2022 жылғы 11 қазаңдағы № 3460 Өскемен қаласының әкімдігінің қаулысы негізінде, 2023 жылғы 16 ақпандағы № OPU/2021/W/P/00307 жылжымайтың мүлкі кепілге алу шарты бойынша «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамының кепілінде тұрған Әділ Ержанұлы Ержановқа жеке меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты – көпфункционалды кешен ғимаратын орналастыру үшін (тұрмыстық үй-жайлар, стаматология, медициналық үй-жайлар) Жастар көшесіндегі, 15/2 ғимарат, кадастрлық нөмірі 05-085-096-1212 ауданы 0,1873 га ауданы 0,0485 га жер учаскесінің бір бөлігі.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлкі бар жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні - 2024 жылғы 30 сәуір.

  1. «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей меншік иелеріне жер учаскесінің мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы хабарлама жіберсін және заңды талап ретінде оның мемлекеттік тіркеуін жүргізсін.
  2. Келісімдеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге құқылы.
  3. «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
  4. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
  5. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімінің сайтында жарияласын.
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Дата публикации
03 октября 2023