Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдеден № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Өскемен қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемесі туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Өскемен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесiн бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының шешімі жобасына түсіндірме жазба
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы - "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі " ММ.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдесіндегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) - Қаржылық шығындарды болжамайды.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы - Жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздемейді.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері - Өскемен қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемесі туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер - Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 26 сәуірдегі №21/2-VII шешімі (ӘМ 05.05.2022 ж. № 27896 болып тіркелген), Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі №2/2-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8832-16 болып тіркелген).
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы – қажеттілігі жоқ.
- Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) - шешім жобасы 2023 жылғы 25 қыркүйекте жария талқылау үшін "Ашық НҚА" интернет-порталында орналастырылды.
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат - пресс-релиздің қажетілігі жоқ.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі - қажеттілігі жоқ.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері – әсер етпейді.