Сізден келесі мәселені шешуге көмек көрсетуіңізді сұраймыз:
- Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері бойынша «анонимдік қызмет» көрсетеді. Осы қызметті көрсету барысында қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша алғашқы консультация жүргізіледі. Құжаттарды ресімдеу процесінде көрсетілетін қызметті алушылар ҚР Азаматтық кодексінің негізінде сот арқылы азаматтардың іс-әрекетке қабілетсіздігі немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі болу фактісін таниды, бұл ретте қорғаншылық және қамқоршылық органының маманы сот процесіне қатысады. Бұдан әрі, көрсетілетін қызметті алушы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексінің 122-бабында көрсетілген қажетті құжаттар топтамасымен қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінеді, онда осы қызмет тіркеледі және НҚА жобасы ресімделеді (нормативтік-құқықтық акт-әкімдіктің қаулысы). НҚА жобасы жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) қала әкіміне келісуге және бекітуге беріледі. Маман мұндай жобаларды жыл ішінде 250-ден астам іс дайындайды.