Кіріспе:
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Байқау 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.
Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда, АҚДМ, ЖАО және т.б. жарияланады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 өзгерістермен өткізіледі.