Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 бабы 3тармағының 1) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту арқылы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 бабы 4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2023-2027 жылдарға арналған Бағдарламасын әзірлеуді ұйымдастырды.
Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасының жобасымен Өскемен қаласы әкімінің сайтында танысуға болады www.gov.kz.