«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелері ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында, Е.П. Славский атындағы жағалауы - Пермитин көшесі бағытындағы көлік айрығын салу» жобасын әзірлеу бойынша Өскемен қаласы әкімі орынбасарының 2023 жылғы 12 қаңтардағы кеңестің хаттамасын ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: