Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

2-ші тармақта:

1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:

«Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

қандастар;

экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К. Баубекова

Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
19 января 2023