2022 жылдың төртінші тоқсанындағы еңбек нарығының көрсеткіштері

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қаланың жұмыспен қамту қызметіне лайықты жұмыс іздеуге ықпал етуге 7411 адам өтініш жасады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздар саны 1261 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту қызметіне түскен кәсіпорындардың есептері бойынша 01.01.2023 жылға 82 адам босатылады деп күтілуде.

01.01.2023 жылғы жағдай бойынша 1 адам толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейді.  

2022 жылдың соңында жұмыспен қамтудың белсенді шаралармен 4902 адам қамтылған, соның ішінде тұрақты жұмысқа 3785, әлеуметтік жұмыс орындарына 129 адам, жастар іс-тәжірибесіне 164 түлек, қоғамдық жұмыстарға 789 адам, «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жасы» жобалары бойынша - 35 адам орналасты.

Есепті кезеңде 4472 жұмыс орны құрылды.

«Электрондық еңбек биржасы» порталының ақпаратына сәйкес Өскемен қаласы бойынша бос жұмыс орындарының ең көп саны құрылыс және сәулет саласында тіркелген – 1921, өндіріс – 2328, білім беру және тәрбиелеу– 512, көлік және логистика – 584, біліктілігі жоқ мамандықтар – 826 бос жұмыс орны бар.

Төртінші тоқсанда бос жұмыс орындарының жалпы санынан ең көп сұранысқа ие:

- іс қағаздарын жүргізушісі – 16,5 %

- арматурашы – 20,7%

- әртүрлі жұмысты атқаратын жұмысшы – 22,8%

- көлік жүргізушісі – 16,2%

- техник – 23,8%.

2022 жылдың төртінші тоқсанындағы еңбек нарығының көрсеткіштері
Дата публикации
06 января 2023