«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4), 5) тармақшаларына, 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылы – Жібек жолы көшесі – Ілияс Есенберлин атындағы даңғылы – Базовая көшесінің қиылысында айналма қозғалысты ұйымдастыру схемасына жататын жер учаскелерін алып қою//сатып алу процестерінің басталуы туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі орынбасарының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 27 тапсырмалары бойынша хаттамалық шешімін ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: