Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: