2022 жылғы 1 қыркүйекке Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 110,4%-ға орындалды, 33 357 362,6 мың теңге болжамында 36 816 585,2 мың теңге түсті, 3 459 222,6 мың теңге – жоспардан тыс түсімдер.

Салықтық түсімдер 24 439 531,0 мың теңге болжамында, 25 601 686,0  мың теңгені немесе 104,8% құрады.

Салықтық емес түсімдер  350 402,8 мың теңге болжамында 542 807,5 мың теңгені немесе 154,9 % құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер  8 567 428,8 мың теңге болжамында 10 672 091,7 мың теңгені немесе 124,6%  құрады.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында бюджеттің шығыс бөлігі 99,7%-ға орындалды. 57 716 685,2  мың теңге жоспарында,орындалу 57 548 389,2 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен трансферттер 7 512 116,9 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 7 442 346,2  мың теңгені немесе 99,1%-ды құрады.

Облыстық трансферттер трансферттер 16 384 801,0 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 16 289 699,5  мың теңгені немесе 99,4%-ды құрады.

2022 жылғы 1 қыркүйекке Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
30 сентября 2022