2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 152,0%-ға орындалды, 16 160 166,7 мың теңге болжамында 24 563 601,8 мың теңге түсті, 8 403 435,1 мың теңге – жоспардан тыс түсімдер.
Салықтық түсімдер 13 810 439,8 мың теңге болжамында, 17 973 499,7 мың теңгені немесе 130,1% құрады.
Салықтық емес түсімдер 79 024,0 мың теңге болжамында 464 923,3 мың теңгені немесе 588,3 % құрады.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2 270 702,9 мың теңге болжамында 6 125 178,7 мың теңгені немесе 269,7 % құрады.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында бюджеттің шығыс бөлігі 99,3%-ға орындалды. 26 445 088,6 мың теңге жоспарында,орындалу 26 262 428,0 мың теңгені құрады.
Республикалық бюджеттен трансферттер 2 321 215,5 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 2 318 112,9 мың теңгені немесе 99,9%-ды құрады.
Облыстық трансферттер 7 575 282,0 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 7 398 891,6 мың теңгені немесе 97,7%-ды құрады.