2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 112,3%-ға орындалды, 25 646,167,4 мың теңге болжамында 28 799 029,2 мың теңге түсті, 3 152 861,8 мың теңге – жоспардан тыс түсімдер.
Салықтық түсімдер 18 121 290,2 мың теңге болжамында, 20 320 286,6 мың теңгені немесе 112,1% құрады.
Салықтық емес түсімдер 234 022,0 мың теңге болжамында 515 204,2 мың теңгені немесе 220,2 % құрады.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 7 290 855,2 мың теңге болжамында 7 963 538,4 мың теңгені немесе 109,2 % құрады.
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында бюджеттің шығыс бөлігі 99,6%-ға орындалды. 41 572 687,8 мың теңге жоспарында,орындалу 41 410 904,9 мың теңгені құрады.
Республикалық бюджеттен трансферттер 4 274 150,5 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 4 269 568,1 мың теңгені немесе 99,9%-ды құрады.
Облыстық трансферттер трансферттер 8 142 029,3 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 8 030 136,9 мың теңгені немесе 98,6%-ды құрады.