«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына cәйкес, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4), 5) тармақшаларына, 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 1640 өтінішін ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ