Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсініледі. 2021 жылы қала тұрғындарына 88 925 қызмет көрсетілді, оның ішінде баламасыз негізде 64 қызмет.