Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 1-2

2022 жылғы 21 қаңтар Өскемен қаласы

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 12 қаңтардағы; 2022 жылғы 19 қаңтардағы шешімдерін;

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ - 47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

Ауыр жіті респираторлық синдром - 2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - CОVІD-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 12,2%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 2,374 құрағанын анықтадым.

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африкалық» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорктық»), «ета» («нигериялық»), «омикрон» (оңтүстік-африкалық В.1.1.529), «бақылаудағы нұсқалар» (В.1.640.1 және В.1.640.2) және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 1-2
Дата публикации
24 января 2022