Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-VҚРЗ«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды», яғни «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) 2022 жылғы қаңтардың 5-10аралығында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.