Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8 бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 50-1 тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: