Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу Ережесі», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласы бойынша кешенді балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің жұмыс тобымен 1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласы бойынша кешенді балалар – жасөспірмдер спорт мектебі» КММ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша 2020 жылғы 21-23 желтоқсан аралығында 2020 жылғы 12 айына сыбайлас жемқорлық қаупіне ішкі талдау жүргізді.