Өскемен қаласы әкімдігінің «Спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ сыбайласжемқорлық қаупіне ішкі талдау жасау анықтамасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – үлгілік қағидалар) негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі-сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектілері) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, Өскемен қаласы әкімдігінің «Спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ құрамында Е. А. Қоңыратов, Л. Л. Ванягина, Ж. А. Ахметсаки, Л. А. Рыбакова, Д. Жанұзақұлы, Ж. К. Юсубалиев 2020 жылғы 12-31 желтоқсан аралығында жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.:1) Өскемен қаласы әкімдігінің «Спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ сыбайласжемқорлық қаупіне ішкі талдау жасау анықтамасы
Дата публикации
06 января 2021