«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, 85-бабына, 107-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № 810 қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының бас жоспарын, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмалары бойынша Өскемен қаласы объектілерін аралау қорытындысы бойынша 2026 жылғы 9 шілдедегі № 1/132 хаттаманы, Өскемен қаласы әкімінің 2026 жылғы 28 шілдедегі № 1/55 хаттамалық шешімін ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: