2026 жылғы 1 маусымға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат

Өскемен қаласы бюджетінің меншікті кірістерінің 2026 жылғы қаңтар–мамыр айларындағы түсімдері 94,4%-ға орындалды. Болжам 54 000 467,8 мың теңге болған кезде, бюджетке 50 985 580,1 мың теңге түсті, орындалмау сомасы – 3 014 887,7 мың теңге.

Салықтық түсімдер болжам бойынша 47 916 646,2 мың теңге болса, нақты түсім 48 543 675,4 мың теңгені құрап, 101,3%-ға орындалды.

Салықтық емес түсімдер болжамдағы 160 639,6 мың теңгеге қарсы 182 873,4 мың теңге болып, 113,8%-ды құрады.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болжамдағы 5 923 182,0 мың теңгеге қарсы 2 259 031,2 мың теңге болып, 38,1%-ға орындалды.

2026 жылғы қаңтар–мамыр айларында бюджет шығыстарының орындалуы 91,0%-ды құрады. Жоспар 68 588 044,2 мың теңге болған кезде орындалуы 62 395 482,2 мың теңгені құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша жоспар 12 251 829,9 мың теңге болса, орындалуы 12 251 827,8 мың теңгені немесе 100%-ды құрады.

2026 жылғы 1 маусымға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат
Дата публикации
05 июня 2026