Өскемен қаласы
2026 жылғы «29» мамыр
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - СЖТТ) Өскемен қаласының атқарушы органдарында және «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Аппарат) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысымен 2026 жылғы 25 ақпанда бекітілген облыстық басқармалармен және Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, келесі бағыттар бойынша жүргізілді: