Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығын дамыту

Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің көлемі 2024 жылы 26,7 млрд. теңгені құрады.

Өскемен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орталығы болып табылады.

Азық-түлік кәсіпорындарының дайын өнімі ҚР басқа өңірлеріне жеткізіледі.

Қала аумағында негізгі қайта өңдеу кәсіпорындары орналасқан:

Сүт өңдеу кәсіпорындары: «Эмиль» ЖШС және «Восток Сүт» ЖШС.

Ет өңдеушілер: Өскемен Ұлан ет-консерві зауыты ЖШС, «Көкжал» ЖШС.

Күнбағыс майын қайта өңдеу: «Май» АҚ, «Өскемен май экстракция зауыты» ЖШС, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Востокэколайн» ЖШС, «Янтарь УК» ЖШС.

Ағымдағы жылы келесі жобаларды іске асыру жоспарланған:  «AITAS AGRO ASTYK» ЖШС «20 мың тоннаға астық қоймасын салу».  Жобаның құны 4,6 млрд. теңге, (0,9 млрд.теңге меншікті қаражат, 3,69 млрд. теңге - Халық банкі арқылы қарыздар).

2025-2026 жылдарға жоспарланған зауытты пайдалануға беру.

«Молочный экспресс» ЖШС, Абай даңғылы, 199, бойында сүтті қайта өңдеуге, сүт өнімдерін буып - түюге және сақтауға арналған техникалық жабдығы бар сүт өңдеу зауытына қосымша құрылыс салу арқылы өндірістік базаның қолданыстағы ғимараттарын реконструкциялаумен және қайта жабдықтаумен кеңейту. Жобаның құны 500 жұмыс орнын құрумен 3,8 млрд.теңге (меншікті 0,8 млрд. теңге және қарызға алынған 3 млрд. теңге). Іске асыру мерзімі 2024 – 2026 жж.

«Өскемен Агропродукт» ЖШС, «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу». Тазартылған май 30 000 тоннаға дейін, лецитин 3000 мың тоннаға дейін. Жобаның құны 1,03 млрд. теңге, (0,156 млрд.теңге меншікті қаражат, 0,882 млрд. теңге - АКК арқылы қарыз).

 

Документы
Тізбе
03 июня 2026
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Есеп
17 марта 2025
"Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мемлекеттік
Есеп
17 марта 2025
"Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Есеп
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығын дамыту
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Халықтың өміріне қауіп төндіретін қаңғыбас иттердің тобын байқағанда қайда жүгіну керек?

Агрессивті қаңғыбас иттер табылса, жануарларды аулау қажеттілігі туралы өтінішпен қалалар мен аудандардың ветеринария саласындағы кәсіпорындарға хабарласу қажет. Егер мәселе шешілмесе Сіз шағым беруге құқығыңыз бар. Шағым актісіне, әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасалған органға беріледі. Шағым әкімшілік актіні  қабылдау туралы немесе іс-әрекеттің/ әрекетсіздіктің жасалуы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағымда жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, өтініш жасалған күнді және Сіз жүгінген ұйымның атауын көрсету ұсынылады. Бұл қажетті шараларды қарастыру және қабылдау процесін жеделдетуге көмектеседі.

Бруцеллезбен ауырған малдарды санитариялық союға жіберілуі міндетпе?

Бруцеллезбен ауыратын жануарлар анықталған кезде қаланың, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде:

1) жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді;

2) 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті)  жібереді.

Санитариялық союды жүзеге асыру үшін қала, аудан бөлімшесі сою объектілерінің басшыларымен бірлесіп, бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін аптасына бір санитариялық күн белгілейді.

Қаңғыбас иттерді аулауға рұқсат етілген бе?

Қаңғыбас иттерді аулауға рұқсат етіледі. Облыс аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және олардың санын реттеу «Ветеринария туралы» және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Процесс Жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру ережелерімен реттеледі.
Бұл шаралардың орындалуын бақылауды ШҚО ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асырады, ал жануарларды аулау жөніндегі бригадалар белгіленген кесте бойынша тұрақты сапарлармен жұмыс істейді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы