Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік сала

Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ

2024 жылға арналған еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

2024 жылы қаланың жұмыспен қамту қызметіне лайықты жұмыс іздеуге ықпал етуге 15704 адам өтініш жасады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздар саны 4665 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту қызметіне түскен кәсіпорындардың есептері бойынша 01.01.2025 жылға 83 адам босатылады.

2024 жылдың соңында жұмыспен қамтудың белсенді шаралармен 6138 адам қамтылған, соның ішінде тұрақты жұмысқа 3772, әлеуметтік жұмыс орындарына 151 адам, жастар іс-тәжірибесіне 206 түлек, қоғамдық жұмыстарға 1384 адам, «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жасы» жобалары бойынша - 625 адам орналасты.

Есепті кезеңде 13229 жұмыс, оның ішінде 9690 тұрақты орны құрылды.

Документы
Бұйрық
31 августа 2026
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына және "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Тізбе
03 июня 2026
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Есеп
27 февраля 2026
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметінің есебі
Новости
Полезные материалы
«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі
Медиагалерея
1
AGROCREDIT
8
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу»
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67 және 68-баптарына сәйкес санаттардың біріне жататын жағдайда және Өскемен қаласында тұрақты тіркелген жағдайда, мұқтаждар есебіне қою үшін алдын ала жазылу бойынша кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына (Белинский көшесі, 37а, Қазақстан көшесі, 99/1, Сәтпаев даңғылы, 34/2) жүгіну немесе электрондық үкімет порталы (е-gov) арқылы өтінім беру қажет.

Әлеуметтік және материалдық көмек алу үшін қайда жүгіну керек?

Әлеуметтік көмек қалалық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 58/5-VI шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Өскемен қаласының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаға қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Біржолғы әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін сізге өз атыңыздан немесе отбасыңыздың атынан келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат;
  2. Адамның (отбасы мүшелерінің)табыстары туралы мәліметтер;
  3. Өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын Акт және / немесе құжат.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Шәкәрім даңғылы, 149 к.10, № 14 кабинет (тел. 700995) мекенжайы бойынша барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде қаралады.

Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2 – тарауының 8-тармағына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде (2021 жылғы 4 тоқсанда-77196 теңге) белгіленген, одан асқан жағдайда әлеуметтік көмек көрсетілмейді.

Мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емдеуді қалай алуға болады?

«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі өтініш негізінде ХҚКО, тұрғылықты жеріне жұмыспен қамту бөлімдері арқылы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатымен немесе мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын сандық құжаттар сервисі (сәйкестендіру үшін).

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы