Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кәсіпкерлік және бизнес

2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есебі

Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі заңды және жеке тұлғаларға техникалық инспекция саласында бес Мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2025 жылы барлығы 3746 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде түрлері бойынша:

  • Тракторист машинист куәлігін беру-622;
  • Жыл сайынғы техникалық байқау өткізу-857;
  • Тракторлар кепілін мемлекеттік тіркеу -87
  • Тракторлар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру - 2064;
  • Техникаға ауыртпалықтың болуы / болмауы туралы анықтама беру-116.

Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық нысанда e-license веб-порталы арқылы не қағаз нысанда бөлімнің кеңсесіне тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі кеңсе арқылы 1 - ден 2 күнге дейін, портал арқылы 1 күн.

2025 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы санының 82 пайызы бөлімнің кеңсесі арқылы өтті және тек 18 пайызы электронды түрде.

Бөлімде стендте Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат (стандарт, өтініш үлгісі, ереже) орналастырылған.

Өскемен қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінде 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Өскемен қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері санының өсу қарқыны

2025 жылғы 1 қаңтарға тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы саны 42338 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 37086 бірлікті құрады, өсу қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,5% -. құрады.

Бірыңғай кешенді бағдарлама

Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мақсатында «Бірыңғай кешенді бағдарлама» (бұрынғы «БЖК-2025») шеңберінде 2024 жылы 7,1 млрд.теңге кредит сомасына қаланың 161 жобасына кепілдік берілді, кепілдіктер сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайды.,

Субсидияланған жобалардың жалпы саны 329, оның ішінде «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» (2-бағыт) бағыты бойынша жалпы кредит сомасы 13,6 млрд.теңгеге 176 жоба субсидияланды, портфельдік субсидиялау бойынша жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге 152 жоба іске асырылды. 2024 жылы «Тетік шеңберінде субсидиялау» («Қарапайым заттар экономикасы») бағыты бойынша жалпы сомасы 3 млрд. теңгеге 1 жоба іске асырылуда

«Ақ Ниет»

«Ақ Ниет» өңірлік жеңілдікті кредиттеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 11 айында 2,3 млн. теңгеге 214 жоба қаржыландырылды (өткен жылдардың қайтарымды қаражатынан).

Гранттық қаржыландыруды жалпы сомасы 31,9 млн. теңгеге 7 кәсіпкер алды.

«Индустрияландырудың бірыңғай картасы»

ҚР «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру индустриялық дамуды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру мониторингі индустрияландырудың бірыңғай картасы арқылы жүзеге асырылады, ол өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы болып табылады.

Қазіргі уақытта сабақтастықты ескере отырып, Өскемен қаласы бойынша жобалар іске асырылуда:

ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қалада мынадай жобалар іске асырылуда:

  • "Жүк автомобильдерін және құрылыс-жол арнайы техникасын жөндеу кешенінің құрылысы" - ЖК "Смаков". Жобаның құны-18 млн. теңге. Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде-5.
  • "Азық-түлік (жартылай фабрикаттар) өндіретін көпфункционалды кешен" - "Sunrise vem" ЖШС. Жобаның жалпы құны-212,97 млн. теңге. Жоспарланған өндірістік қуаты - жылына 114000 кг өнім.
    Қазіргі уақытта кешенді жобалау жұмыстары жүргізілуде. Инвестордың ақпараты бойынша жобаны меншік иесінің ауысуына байланысты 2026 жылға ауыстыру жоспарлануда. Бұл жобаны кеңейту, оның ішінде инвестициялар салу және жұмыс орындарын құру мәселесі қарастырылуда.;
  • "Катодты алтын өндіретін гидрометаллургиялық зауыт құрылысы" - "ВостокГеоМеталл" ЖШС. Жобаның құны-850 млн. теңге. Құрылыс кезінде жұмыс орындарының саны 50 адам, пайдалану кезінде 65 адам. Пайдалануға беру 2025 жыл.
  • "ВОСТОКМАШЗАВОД  АҚ" құю өндірісін жаңғырту (өндіріс: бүйірлік арба рамасы, үдеткіш арба арқалықтары). ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 17.05.2024 жылғы № 178 "Индустрияландырудың бірыңғай картасының кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен "Востокмашзавод" АҚ жобасы индустрияландырудың Бірыңғай картасына енгізілген.
    Бұл бұйрық "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ мен "BaiterekVentureFund" АҚ-ға әрі қарай қаржыландыру үшін жолданды.
  • "Біздің үй" құрылыс компаниясы "ЖШС - нің" ДСП өндіру бойынша қолданыстағы зауытын қайта құру және жаңғырту
    Қазіргі уақытта өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландыру мәселесі қаралуда.
  • Машиностроительдер көшесі бойынша индустриялық аймағы (26,6 га).
    Іске асырылып жатқан жоба:
    "Медсервис ПЛЮС" КФК " ЖШС GDP жүйесі бойынша сауда-өндірістік кешен салу, Өскемен қаласындағы алғашқы "А" класты фармацевтикалық терминал. Жобаның жалпы құны 3 млрд. теңге. 100 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
    2025 жылдың 1 тоқсанында пайдалануға беру.

 

Документы
Тізбе
03 июня 2026
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Есеп
01 апреля 2026
Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Есебі
Қаулы
25 февраля 2025
Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Қаулы
Новости
Полезные материалы
Кәсіпкерлік және бизнес
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
5 млн. теңгеге дейін грант беру бойынша конкурсқа қалай қатысуға болады?

Әлеуметтік, кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес грант беру жөніндегі конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер немесе «Бір ауыл – Бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.

Кен іздеушіліккелицензия қалай алуға болады?

Құрылыс лицензиясын алу үшін Сізге: «Электрондық лицензиялау» порталына кіріңіз немесе тіркеліңіз. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының бетінде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінімді

толтырыныз.

Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:

1) өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесін айқындайтын, бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары бар және жалпы алаңы көрсетілген масштабтағы кен іздеушілік аумағына нұсқау.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;

2) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;

3) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.

Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.

Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде толтыруы тиіс.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (ӘКС) кім бола алады?

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып егер олардың тіркелгеніне кемінде бір жыл өткен болса  ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа, тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар танылады. Міндетті шарт – әлеуметтік кәсіпкерліктің төрт санатының біріне сәйкес келуі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы