
1977 жылы 20 мамырда Өскемен қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2005 жылдары – «Өскемен қаласының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өндірістік-экономикалық бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы;
2005-2010 жылдары – «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттің шығыс бөлігін талдау және болжау секторының бас маманы, Өскемен қаласы;
2010-2011 жылдары – «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік саясат секторының меңгерушісі, Өскемен қаласы;
2011-2015 жылдары – «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, Өскемен қаласы;
2015-2018 жылдары – «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Өскемен қаласы;
2018-2020 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары;
2020 жылғы 15 шілдеден -27 тамызға дейін «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, Өскемен қаласы;
2020 жылғы 27 тамыздан бастап - «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Өскемен қаласы.