
1975 жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Сәулетші» мамандығы бойынша аяқтады.
1998 - 1999 жылдары – «Облремпроект» мемлекеттік мекемесінде құрылыс тобының технигі.
1999 – 2001 жылдары – «Облремпроект» мемлекеттік мекемесінде архитекторы.
2002 – 2004 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының архитектура және территориялық даму бөлімінің бас маманы.
2004 – 2005 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының архитектура және қала құрылысы кадастры басқармасының архитектура және территориялық даму бөлімінің басшысы.
2005 жыл - Шығыс Қазақстан облысының қала құрылысы және құрылыс департаментінің архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
2005–2006 жылдары – Мемлекеттік мекеме «Қала құрылысы және құрылыс бөлімі» кешенді құрылыс бөлімінің міндетін атқарушы басшысы.
2006 – 2007 жылдары - Өскемен қаласының архитектура және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі.
2007 – 2014 жылдары - Өскемен қаласының архитектура және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің орынбасары.
2014 – 2021 жылдары - Өскемен қаласының архитектура және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2021 – 2022 жылдары - Өскемен қаласының архитектура және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің орынбасары.
2025 жыл – «Өскемен қаласының жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы бөлімі» ММ басшының орынбасары.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Өскемен қаласының жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.