Ақбұлақ ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы мен сайланған әкім туралы хабарлама

Ақбұлақ  ауылдық округі

Марқакөл ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 153, дауыс беруге қатысқаны – 141 (92,16 %).

Сайлау қорытындысында Тлеубаева Ардак Ғалиқызы  – 128 (91,43%),  Болысова Асем Алексейқызы  – 12 (8,57 %) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған,                   1995 жылы туған,  «Марқакөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшының орынбасары, Тлеубаева Ардак Ғалиқызы – Ақбұлақ ауылдық округі әкімі болып сайланды.

 

 

Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 марта 2026