Марқакөл ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

Марқакөл  ауданының  Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі Ақбұлақ, Күнгей Бөкенбай, Теріскей Бөкенбай ауылдарының шекараларында құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімдері, олардың шекаралары және Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Марқакөл таңы» аудандық газетінде жариялансын.
Дата публикации
21 января 2026