Марқакөл ауданы Боран ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Марқакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 30 қарашаға Марқакөл ауданы Боран ауылдық округі  әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 30 қарашаға тағайындалған Марқакөл ауданының Боран ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Марқакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Марқакөл таңы» аудандық газетінде жариялансын

 

 

 

 

Төраға                                                                                           Майтпасов Э.

 

Хатшы                                                                                          Ибраимова Р.

Дата публикации
22 октября 2025