«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Марқакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 11 мамырға Ақбұлақ және Төсқайың ауылдық округтері әкімідерінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырға тағайындалған Марқакөл ауданының Ақбұлақ және Төсқайың ауылдық округтері әкімідерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Марқакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Марқакөл таңы» аудандық газетінде жариялансын.