Марқакөл ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 898, дауыс беруге қатысқаны – 615 (68,48%).
Сайлау қорытындысында Махамбет Амантаевич Омаров – 394 (64,06%), Куралай Абикеновна Сайкенова – 37 (6,01%), Марат Секенович Тежекенов - 178 (28,94%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 6.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1989 жылы туған, «Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Махамбет Амантаевич Омаров – Қалжыр ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Марқакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы