"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маркакөл ауданының сайлау учаскелері құрылсын. "Шығыс Қазақстан облысы Маркакөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Маркакөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Маркакөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Марқакөл ауданының әкімінің м.а. Р.Кемешев
СОГЛАСОВАНО:
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Э.Майтпасов