"Марқакөл ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ (бұдан әрі – Бөлім) Марқакөл ауданының аумағында экономика және бюджеттік жоспарлау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға Марқакөл ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім құзыреті шеңберінде келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру түрінде келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлім электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта барлығы 66 қызмет көрсетті.
Көрсетілетін қызметті алушылардан 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда көрсетілген қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызмет көрсету ережесі бөлімінің стендінде орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер тұрақты негізде тұрғындармен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.