Марқакөл ауданының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша 2025 жылғы жұмысы туралы есебі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат:
2025 жылы аудан бойынша 510 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 416 қызмет, заңды тұлғаларға – 94 қызмет.
Қағаз түрінде қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 93 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға –60, заңды тұлғаларға – 33 қызмет;
Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде – 49 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 45, заңды тұлғаларға – 4 қызмет;
Электронды түрде: 368 қызмет, оның ішінде:
а) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде – 208 оның ішінде жеке тұлғаларға – 205, заңды тұлғаларға – 3 қызмет;
б) Электронды түрде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының веб-порталы арқылы – 160 қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға – 106, заңды тұлғаларға – 54 қызмет;
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы:
2025 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарлары әзірленіп, 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін бекітілді. Жылдық жоспарға сәйкес 2 бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру іс-шаралары барысында анықталған кемшіліктер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсынымдар әзірленіп, олардың барлығы орындалды.
Көрсетілетін қызметті алушыларға олардың санын, себептерін және жауап ретінде қабылданған шараларды көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы мәліметтер.
2025 жылы мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы 51 негізделген бас тарту (45 жеке тұлғаға, заңды тұлғаларға - 6) тіркелді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы, олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтар бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, бұзушылықтарды, олардың туындау себептері мен жағдайларын жою, қызмет алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмыстар үнемі басты назарда.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына белгіленген мерзімдерді бұза отырып, есепті кезеңде қаралған шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.
2025 жылы қызмет көрсетушілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шаралары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат бөлім ғимаратындағы стендтерде орналастырылған. Сондай-ақ қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тұрғындармен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аталған бағыт аудан әкімінің аппаратының тұрақты бақылауында.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру және тиімділігін одан әрі жоғарылату мақсатында жұмыстар келесі бағыттар бойынша жалғастырылатын болады:
мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру;
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, ауданның ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде уақтылы орналастыру.