
Білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды, білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады.
Аудан бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қзақстан Республикасының заңнамасында белглігенген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.