Міндеттері:
1)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,сондай-ақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары қызметріне жалпы басшылық жасау;
2)азаматтар мен қоғамның өмір сүруге қолайлы және экологиялық қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастырудағы мүдделерін қамтамасыз ету;
3)жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін,сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау;
4)автомобильмен тасымалдау рыногында тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдайлар жасау;
5)автомобильмен тасымалдаудың ішкі рыногын қорғау;
6)автомобиль көлігінің инфроқұрылымын одан әрі дамыту;
7)мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
8) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының қолданылуын бақылауды қамтамасыз ету;
9)несие,құрылыс және тұрғын үйлерді халыққа беру сұрақтары бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету;
10)ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,теміржол және автомобиль көліктері бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау;
2.Функциялары:
1)жолаушылар мен жүктердің қалааралық,ауданішілік,ауданаралық тұрақты тасымалын ұйымдастыру,олардың маршруттарын әзірлеу және бекіту,оларға қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру,өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту; 2)автобекеттер мен автостанциялардың тізілімін жүргізу; 3)жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тұрақты тасымалдаудың қалааралық,ауданішілік,ауданаралық маршруттарының тізімін жүргізу; 4)ауданішілік қатынастарда жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасын әзірлеу; 5)жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасын және ауданішілік қатынастарда жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу; 6)жолаушыларды отырғызу және түсірудің белгіленген қосындарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рәсімдеуді және ұстауды ұйымдастыру; 7)жолаушылар көліктері қозғалысының белгіленген кестесін сақтауды бақылауды жүзеге асыру; 8)ауданның маршруттық желісін зерделеу; 9)маршруттық желілерді жабдықтау жөніндегі іс-шаралар әзірлеу,аялдамалық-кассалық және диспечерлік қосындарымен,ақырғы аялдамаларда автобустар айналуға және демалуға арналған алаңдармен қамтамасыз ету және оларды қолданыстағы нормаларға сәйкестендіру; 10)маршрут трассасы жол жамылғыларының қозғалыс қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау; 11)жолаушылар ағымының өзгерісін тексере отырып маршруттардың жаңаларын ашу,жұмыс істеп тұрғандардын өзгерту және жабу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 12)жолаушыларды үзіліссіз және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; 13)көлік процесін аудан және облыс тендер коммиссиясының шешіміне сәйкес ұйымдастыру; 14)маршруттардың ұтымды пакеттерін ұйымдастыру; 15)жолаушылар тасымалы жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу жөнінде ұйымдық-техникалық іс-шаралар өткізу; 16)маршруттарды пайдалану,жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнінде ақылы қызмет көрсетудің шарттарын тендер коммиссиясының шешіміне сәйкес жасау; 17)тасымалдаушыларға құқықтық шаруашылық,қаржылық,тендерлік және басқа да мәселелер бойынша кеңес беру; 18)жаңа маршруттар ашылған болса әдістемелік және практикалық көмек көрсету; 19)жолаушылар мен жүк машиналарының жүру маршруттарымен келісу және маршруттар бойынша қозғалыс сызбасымен кестесін келісіп жасау; 20)куәліктерді дайындау және беру;