
1) бұқаралық дем алу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді;
3) Облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
4) Марқакөл ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді;
5) Марқакөл ауданының аумағында ауданның спорттық-дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
6) спорттық разрядтарды тапсырады: 2 разрядтты спортшы, 3 разрядтты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядтты спортшы;
7) спорттық біліктілік категориялар тапсыру: екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екінші
категориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші;
8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбелігін іске асырады;
9) Марқакөл ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған, Марқакөл ауданының аумағында нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру және спортты өркендету бойынша облыстың жергілікті атқару органдарына ақпаратты беруді, талдауды және жинақтауды іске асырады;
11) өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді;
12) арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
13) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
14) Марқакөл ауданының аумағында спорттық құрылымдар құрылысы салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
15) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
16) ауданның арнайы мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген, өзге өкілеттіліктерге жергілікті мемлекеттік басқаруды іске асырады.