Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің болашақта жан-жақты дамуының бағыт бағдарын айқындауда – Ата заң асыл діңгек.
Әрбір жетістіктің жемісінің негізгі діңгегі Ата Заңымызда жатыр.
Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтап, қазіргі қиындықтарды бірге еңсеріп, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілейміз!

Ізгі тілекпен, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басшысы Әсет Сүлейменов және басқарма ұжымы