Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

"Қазақстанның құрметті құрылысшысы" белгісімен "Фирма Азия" ЖШС директоры Сәуле Досқожанова, "Мемсараптама" РМК Шығыс өңірі бойынша филиалының директоры Ержан Тикибаев, "Терезе" ЖШС директоры Жанболат Қазанов марапатталды.

Төсбелгілерді ШҚО әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Бақытжан Байахметов табыс етті.

"Бүгін біз еліміздің экономикалық дамуы үшін әлеуметтік маңызы зор сала өкілдерін Қазақстан Республикасының Құрмет наградасымен марапаттаймыз. Оларды осы тамаша мерекемен құттықтап, одан әрі өркендеу тілеймін, - деді өз құттықтауында ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

"Еңбек сіңірген құрылысшы" медалімен саланың дамуына елеулі үлес қосқан және салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар құрылысшылар марапатталады.

Сонымен қатар, құрылысшылар күніне орай құрылыс саласындағы көпжылдық еңбек жетістіктері үшін, өндірістік қызметтегі жоғары нәтижелері үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен осы саладағы бірқатар жоғары білікті мамандар мен Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері марапатталды .

Олар-Мамырбекова Жазира Хизатуллановна, Гончаренко Любовь Николаевна, Мерекенова Назым Сағынышбекқызы, Ахметов Талғат Қадырбекұлы. Алғыс хаттармен - Қалиев Әлімжан Ғазизұлы – "Азия "Фирмасы" ЖШС прорабы, Кожахметов Кайрат Кабдешович – «Kazprofstroy holding» ЖШС-нің бас директоры,  Абылханов Мадияр Қыдырғалиұлы-Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Касимов Қайрат Меңдіғалиұлы – "Азия "Фирмасы" ЖШС жөндеу бригадирі, Балуева Наталья Викторовна – "Алтайстрой" ЖШС Өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, Муздубаев Серік Тоқтамысұлы – "Элхон" ЖШС құрылыс учаскесінің бригадирі, Жекеев Қанат Жаңылұлы – "Восток-строй "компаниясы"ЖШС прорабы.

"Құрылыс экономика дамуының маңызды драйвері болып табылады, аралас салаларда қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. Бүгінде өңірде көптеген жаңа нысандар салынуда. Бұл тұрғын үйлер ғана емес, сонымен қатар мектептер, ауруханалар, жолдар, өмірдің уақытты талап ететін стандарттарға сәйкес келуін талап ететін басқа да инфрақұрылымдық құрылыстар. Сонымен қатар, біз көзімізге жағымды, сенімді, сапалы және ұзақ жылдар бойы әдемі құрылыс жасауымыз керек",- деп атап өтті ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әсет Сүлейменов.