
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталды.
Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Мектепте бастауыш, орта және жоғары білім беретін жеке блоктар бар.
Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Робототехника кабинеттерінің, компьютерлік сыныптардың, STEM зертханаларының жабдықталуы өскелең ұрпақтың ІТ құзыреттілігін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Жайлы оқу залымен заманауи кітапхана, коворкинг кеңістігі және тыныш, белсенді ойындарға арналған алаңдармен қамтамасых етілген.