
Бүгін Алтай ауданы Феклистовка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» бағдарламасы аясында жаңа медициналық пункт ашылды. Мұнда соңғы 40 жылда әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілмеген.
Медициналық пункт ауылдық елді мекендерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған, бұл ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, профилактикалық сауықтыру жұмыстарын дер кезінде жүргізуге, скринингтік тексерулерден өтуге мүмкіндік береді.
Бұл медициналық пункт дизельдік электр станциясымен жабдықталған, электр қуаты өшіп қалған жағдайда медициналық пункт дизельдік электр станциясын пайдаланып үздіксіз жұмыс істейтін болады;
Құрылыс жұмыстарын мердігер «CEO Group» ЖШС жүргізді..