«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Тарбағатай ауданында үш медициналық пункт ашу жоспарлануда.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Тарбағатай ауданында үш медициналық пункт ашу жоспарлануда.

Тарбағатай ауданындағы шалғай ауылдардың бірінде небәрі 259 тұрғын тұратын Асусай ауылында жаңа медициналық пункт іске қосылды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған медициналық орталық тұрғындарға аудан орталығына келмей-ақ сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Асусай ауылында 1991 жылдан бері әлеуметтік нысандар салынбаған. Емдеу-профилактикалық мекеме 1983 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан.

Жаңа медициналық пункт қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және жиһаздармен толық жабдықталған, бұл ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, профилактикалық жұмыстарды дер кезінде жүргізіп, скринингтік тексерулерден өткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ , жуық арада Тарбағатай ауданында Жамбыл және Байтоғас ауылдарында медициналық пункттер есігін айқара ашады.