
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге білікті медициналық көмек көрсететін бір перзентхана бар.
“Ана мен бала” орталығы 1989 салынған.
Ағымдағы жылы облыс әкімінің қолдауымен, “Ана мен бала” орталығында қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Құрылыстың барысы:
5-қабатта қалқаларды бөлшектеу, қабырғаларды ескі сылақтан тазарту, қабырғаларды сейсмикалық күшейту үшін торларды орнату;
6-қабатта қабырғаларды сылау, электр сымдарын тарту, есік ойықтарын арматурамен орнату, еден төсеніштерін төсеу үшін еден бетін дайындау, суық және ыстық су және кәріз жүйелерін бөлшектеу, асбестпен желдету құбырларын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.