
Бүгін Қазақстанда ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың күні атап өтілуде. Ағымдағы жыл басынан бері Абайдың туған жері Шығыс Қазақстандағы маңызды мәдени-тарихи нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп ,бірқатар жаңа нысандардың құрылысы басталған болатын.
Атап айтқанда, Семейдегі алаң және Абай атындағы театр мен мұражайда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алаң жаңаша келбетке ие болды. Жазушының ескерткіші жөнделді. Театрда толық қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан аталмыш нысанның тарихи ерекшеліктері сақталды. Сондай-ақ театр аумағында абаттандыру жұмыстары жасалып, ғимараттың ішкі және сыртқы жағына жөндеу жүргізілуде. Өнер ордасы жайлы әрі жарық болып қалды. Семейліктер мен қала қонақтарын жаңа сахна мен көрермен залы күтуде. Абай мұражайы да жақында келушілерге есігін айқара ашады. Оның аумағында Абайдың ұлдарымен бірге бейнеленген ескерткіші бой көтереді. «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінінде жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын қалды. Семейдегі Абай атындағы кітапханаға да жөндеу жасалды. Ақшоқыдағы Құнанбай әулеті мұражайының құрылысы аяқталады. Мұнда көрме залынан бөлек, мектеп оқушыларына сабақ өткізуге мүмкіндік жасалады. Абай дүниеге келген Сырт-Қасқабұлақтың маңы абаттандырылады. Сонымен қатар, Қарауылда тамыз айының соңында 300 орындық су жаңа мектептің құрылысы аяқталып, ел иігілігіне тапсырылады.