Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын

Әр мұсылман үшін маңызы зор Құрбан айт мейрамы жоғары адамгершілік идеялар - мейірімділік, әділдік пен ізгілікті насихаттайды.
Осынау жарқын мейрам күні барлықтарыңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, рухани және материалдық амандық, жан жарасымдығы мен махаббат тілеймін. Құрбан айт – бұл қайраттылық пен шауққа толы күн. Мереке күндері барлық мұсылмандар игі істер жасайды, жақындарына қамқорлық, мұқтаж жандарға қайырымдылық танытады.
Ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрлерді құрметтеуге және адамгершілікке шақыратын бұл мейрам қоғамдағы бейбітшіліктің сақталуына, адамдар арасында сенiмдiлiк және өзара түсiнiстiктi нығайтуға  ықпал ететіндігіне сенімдімін.