
«Халық заңгері» республикалық акция бүкіл Қазақстан Республикасында бірыңғай уақытта -2024 жылғы 30 мамырда сағат 17.00 – 19.00-де өтеді. Акция облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында өткізіледі. Акция Өскемен қаласында 2 мекенжай бойынша өтеді: С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университетінің корпусы, Қазақстан көшесі 55, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Шәкәрім даңғылы 149/10. Тұрғындар сот, құқық қорғау, қадағалау органдарының қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар және облыс әкімдігінің, қала/аудан әкімдігі бөлімдерінің өкілдерінен кеңес ала алады. Акцияның мақсаты – тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету, халықтың заңгерлік сауаттылығын арттыру. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алды. «Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті.